Accessibility links

Оштағы жағдай шиеленісе түсті


Оштағы қақтығыстарда қаза болған адамдардың саны кемінде 50-ге жетті. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілдері хабарлап отыр. Сенбіге қараған түні қырғыздар мен өзбектердің жанжалы қауіпсіздік күштерімен арадағы қақтығыспен жалғасты. Нәтижесінде 660-тан астам адам жарақат алды.

Бүгін әртүрлі этникалық топтардың өкілдері қала тұрғындарын тынышталуға шақырды. Ош әкімінің орынбасары Тимур Қамчыбековтың айтуынша, маска киген адамдар қалада ұлтаралық жеккөрушілікті тудыру мақсатында арандатушылық әрекеттерін жалғастырып жатыр.

Ошта атыстар болып, облыстағы жағдай ушыға түсті деп хабарлайды "Акипресс" агенттігі. Елдің уақытша үкіметі этникалық қақтығыстардың алдын-алу үшін зейнеттегі полиция қызметкерлері мен офицерлерге қайырылып, Ошқа баруларын сұрады. Билік орындары Оштағы қақтығыстар азаматтық соғысқа айналуы мүмкін деп қауіптенетінін айтып отыр.

Human Rights Watch ұйымы халықаралық қауымдастықты қырғыз билігіне елдегі жағдайды бақылауға алуына көмектесуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG