Accessibility links

ЕуроОдақ азаматтары Сербияға визасыз бара алады


Маусымның 12-нен бастап Еуропа Одағының азаматтары Сербияға визасыз бара алады. ЕуроОдақ азаматтары төлқұжаттарымен Сербияда 90 күнге дейін бола алады.

Сербия сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл ереже Словения мен Болгария азаматтарына да қатысты. Сонымен қатар Швейцария, Норвегия және Исландия азаматтары да Сербияға визасыз кіретін болады.
XS
SM
MD
LG