Accessibility links

Иранда сайлаудың бір жылдығына орай шеру өтпейді


Иранның былтырғы даулы президент сайлауының бір жылдығына орай сенбі күні оппозицияның наразылық шарасы өтеді деген хабарлар келіп түспеді. Оппозиция жетекшілері Мирхоссейн Мусави мен Мехди Каруби маусымның 12-де шерулер өткізбекші болған еді. Бірақ елде зорлық-зомбылық әрекеттері болуы мүмкін деген алаңдаушылықтардан кейін наразылық шараларын тоқтатты.

Жұма күні полиция басшысы Ахмад Реза Радан билік орындары кез-келген шеруді қуып таратады деп ескертті.

Өткен жылдың 12 маусымында президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң елде жаппай наразылық акциялары өткен болатын. Сол кездегі шерулер қанды қақтығыстармен ұласып, жүздеген адам қамауға алынған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG