Accessibility links

АҚШ Қырғызстанда тәртіп орнатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Вашингтон Қырғызстанның оңтүстігіндегі бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге шақырды. Мемлекеттік департамент Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын хабарлады. АҚШ БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қырғызстандағы тәртіп орнатуға бағытталған әрекеттерін қолдайды делінген мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

Соңғы күндері Оштағы этникалық қақтығыстарда кемінде 77 адам қаза болып, мыңнан аса кісі жараланды.

Вашингтон Ауғанстандағы операцияларына көмектесу үшін Қырғызстанның солтүстігіндегі "Манас" базасын пайдаланады.
XS
SM
MD
LG