Accessibility links

Клинтон Иранды саяси тұтқындарды босатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иран билігін халықаралық міндеттемелерін орындап, барлық саяси тұтқындар мен 3 америкалық саяхатшыны босатуға шақырды.

Былтыр маусымның 12-дегі даулы президент сайлауында президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң Иранда жаппай наразылық шарасы өтіп, қанды қақтығысқа ұласқан болатын. Клинтон сол оқиғалардың бір жылдығына орай Иран билігі азаматтардың негізгі конституциялық құқықтарын бұзып жатыр деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG