Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Мәскеуі ме, Тәшкені ме, әлде Вашингтоны ма – әйтеу сырттан қағыстыру бар. Ғасырлар бойы бірге жасап келген туысқан халықтар дәл осындай қанды оқиғаға бару үшін үлкен себеп керек болады. Басын сыртқы күштер бастап берді, арғысын өзағамыз мен қырғыздар өздері жалғастырып жатыр. Қандай өкінішті деші, бейне бір-бірін ит атқандай атып жатыр. Меніңше, бұған Тәшкеннің арам қолы араласқан. 90-жылғы Ош оқиғасына да Тәшкен араласқан деген күдік бар еді. Қит етсе төңкеріс дейтін қырғыздың өзінде де бар. Билікті тек бейбіт жолмен ғана ауыстырмаса, көретін күнің осы.

Өлмеген құл

(«Қырғыз-өзбек қақтығысы Ферғана оқиғасының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Kazakh жигитине!!! Сизге рахмат. Казак менен Кыргыз бир элбиз. Сиздин бул жазганынызды окуп жатып ыйладым. Кубанганымдан ыйладым. Казак Кыргыз бир туугандыгына сыймыктанып ыйладым. Кыргыздар Казактарды жакшы корушот жана урматташат. Жашасын Казак Кыргыз бир туугандыгы.

Ош, Кыргызстан

(«ШЫҰ Ош оқиғасына үңіліп, санкциядағы елді мүшелікке қабылдамайтын болды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қытайды айтып, орысты айтып өздеріңді өздерің үрейлендірмеңдерші, ауылдың топас, қорқақ балалары! Қазақ өзі дұрыс болса, кім оның жағасына жармасар дейсің, өзі мықты болса кім оған батынады. Онанда ғылымды қалай игереміз, технологияны қалай меңгереміз, атом бомбыны қалай жасаймыз, айға қалай ұшып барамыз, компьютерді қалай жасаймыз деген мәселелерді ақылдассаңдаршы... Жағдайларың индустриялды өндіріспен, жоғары технологиямен түзеледі, ал түзелген елге ешкімнің тісі батпайды. Мысалы, оңтүстік Корейге кім тиісе алады. Мысалы, Түркиеге кім тиісе алады? Мысалы, кішкентай Англия мен Жапонға? Ендеше естеріңді жиып, сары аурудай үмітсіздік ауруын тарқатпаңдар! Күрессек әлем біздікі! Ал үмітсіздік – шайтан ісі, және үрей – өлімге апаратын ауру! Естеріңді жиып, жақсылап ұйықтап алыңдар да, ерте тұрып жұмысқа жұмылыңдар! Бос әңгіме айтқанша, бос жұмыс істе деген! Әлде осылай ыңырси бермексіңдер ме? Сендердің арқаларың Тәңірінің от қамшысын күтіп тұрма не, өзі?

Қазақизм

(«Ху Цзиньтао Қазақстанға келгіштеп кетті» деген мақалаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG