Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда үйлер су астында қалды


Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласына жақын жердегі Жылға ауылдық округынде нөсер жауынның салдарынан 50-ге тарта үй су астында қалды, деп хабарлайды елдің төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен. Зардап шеккендер жоқ.

Жексенбі, маусымның 13-і күні сағат 19.56-да күшті жауған нөсер жауынның салдарынан тұрғын үйлерді су басқан. Барлығы 51 тұрғын үй су астында қалып, оның біреуі қираған, делінген министрлік таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG