Accessibility links

Израиль Газа оқиғасын тергеуге кіріседі


Израиль өткен айдың 31-і күні Газа жағалауында тоғыз адамның өліміне себеп болған оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құратындығын мәлімдеді.

Комиссия мүшелері бүгін, дүйсенбі күні нақтыланатын болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, комиссия жетекшісі етіп Израиль Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы Яков Туркел тағайындалуы мүмкін.

Тергеуге бірқатар халықаралық бақылаушылар қатысады деп хабарланып отыр.

XS
SM
MD
LG