Accessibility links

Қырғызстанда қаза болғандар саны 117-ге жетті


Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанның оңтүстігінде болған қақтығыстардан қаза тапқандар саны 117-ге жетті. Бұдан бұрын 114 адамның қаза тапқандағы хабарланған.

Ақпараттарға қарағанда, осы күнге дейін медициналық көмекке 1485 адам жүгініп, оның 779-ы ауруханаға жатқызылған.

Қырғызстанда маусымның 10-ынан бері қырғыз бен өзбек ұлтының арасындағы қақтығыс кесірінен ондаған мың өзбек азаматы Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG