Accessibility links

Ирақтың жаңа парламенті алғашқы рет жиналды


Ирақтың жаңа парламенті бүгін алғашқы отырысын өткізді. Алайда Бағдадта жаңа үкімет жөнінде әлі келісім жасалмады. Хабарларға қарағанда, Ирақтың саяси фракцияларының үкіметті жасақтау туралы келіссөздері бірнеше аптаға, тіпті айларға созылуы мүмкін.

Наурыздың 7-сіндегі сайлауда бұрынғы премьер-министр Аяд Аллауидің Ирақия альянсы аз ғана айырмашылықпен жеңіске жеткен болатын.

Жексенбі күні Бағдадтағы Орталық банкке жасалған шабуылдан кемінде 15 адам қаза болған соң Ирақ астанасындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG