Accessibility links

Батыс жағалауда Израиль полицейі қаза болды


Бүгін Батыс жағалауда Израиль полицейлеріне шабуыл жасалып, үшеуі жараланды. Израиль полициясы баспасөз хатшысының хабарлауынша, Хеброн қаласының жанында қаруланған палестиналықтар полиция көлігіне оқ атқан. Жараланған полиция қызметкерлерінің біреуі кейінірек көз жұмды деп хабарланып отыр.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алмады.
XS
SM
MD
LG