Accessibility links

ҰҚШҰ Қырғызстандағы жағдайды талқылады


Ресей жетекшілігіндегі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қырғызстандағы дағдарысқа қалай жауап беру керектігін ойластырып жатыр. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің хатшылары Қырғызстандағы жағдайды талқылау үшін бүгін Мәскеуде кездескен. Хабарларға қарағанда, ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Николай Бордюжа мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігі мәселесі жақсылап ойластырылуы тиіс деген.

Аталмыш ұйымға Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше боп табылады. Қырғызстанның уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева Ресейден елге бітімгершілік күштерін жіберуді сұрады. Бірақ Мәскеу оған тәуелсіз түрде жауап беруге мандаты жоқ екендігін мәлімдеді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG