Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

«Барында оралыңның ойна да күл» деген қазақтың мақалына таңдана отырып, «Көп асқанға бір тосқан» деген даналық сөзге қалай бас имейсің!!! Қайтсын енді, құдай есіркесін дейміз де...

Кереку

(«Англияға барған Максим Бакиев тұтқындалды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Осы рушылдық деген пәле әбден қажытып бітті.Үлкендеріміз бірінші кездескен адамнан «Руың кім? Қай елсің» деп ежірейе қалады. Рушылдыққа батқан елдің оңғаны жоқ,. Ауғанстанның өзі неге тұрады. Рушылдық қан тазалығын сақтайды деген сөз бар. Оттаған нәрсе. Онда неге қазақ анау жапондар секілді ұзақ өмір сүрмейді? Қазақ русыз да жеті атасын біледі.

Әлім төре, Ақтөбе

(Блогстандағы «Қазақтың әңгімесі» деген жазбаға орай айтылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бір Араб шейхы «Қазақстанды үш жыл басқарсам, шіркін! Қазақ одан кейін жұмыс істемей бай, дәулетті өмір сүреді» деген екен. Сонша байлықты тауып отырған Құлыбаевқа да оңай емес. Жандарыңыз ашысын. Мақтанбайсыздар ма? Испанияда аралы бар қай мемлекеттін адамы бар? Англияда мұнарасы бар кім бар кешегі тәуелсіздік алған 15 мемлекеттен? Мақтан, қазақ. Миллиардерлеріміз бар бюджет саласында істеп айлықпен байыған. Машкевич, Шодиев, Ким, Ибрагимовтердің ішінде жалғыз қазақ қой.

Нұржан Кенже, Алматы

(«Құлыбаевты жауапқа тартпақ болған Әблязовтың өзіне қарсы сот басталды» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG