Accessibility links

Қырғызстанда қайырымдылық жүгіне шабуыл жасалды


Қырғызстан оңтүстігінде қайырымдылық көмегі тиілген автокөліктер керуеніне шабуыл жасалды.

Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі мәлімдегендей, түн ортасында Ош қаласының түбінде белгісіз адамдар әуежайдан қалаға баратын жолда 12 автокөліктің керуеніне бас салды. Олар автокөліктерді таспен атқылады. Соған қарамастан жүк көзделген жеріне жеткізілді.

Ресми дерек бойынша, қаза болғандардың саны 170-ке жетті. Қырғызстанның азаматтық авиациясы хабарлағандай, елдің оңтүстігінен 2 мыңнан астам адам Бішкекке көшірілді.

Бұған қоса 600-дей шетелдік азамат қақтығыс аумағынан шығарылды.

Дүйсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі өзінің төтенше мәжілісінде Қырғызстандағы зұлымдықтарға наразылық білдіріп, қантөгісті дереу доғаруға шақырды.
XS
SM
MD
LG