Accessibility links

Иран ЕуроОдақтың шешімін «қате» деп бағалады


Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі ядролық бағдарламасы үшін Теһранға қарсы қосымша санкция қолдану туралы Еуропа Одағының шешімін «қате және қисынсыз» деп сипаттады.


ЕуроОдақтың сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Люксембургте жиналып, өткен аптада Иранға қарсы қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарынан өзге тағы да санкция қабылдауға уағдаласты.


Бұл санкцияны осы аптаның ішінде ЕуроОдақтың басшылығы мақұлдауға тиіс.

Сонымен қатар дүйсенбі күні ЕуроОдақтың сыртқы істер бойынша өкілі Кэтрин Эштон Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі келіссөзге қатысушы өкілі Саид Джалилимен келіссөзді жалғастыра беруді ұсынды.
XS
SM
MD
LG