Accessibility links

Пәкістанда бен Ладенді ұстамақ болған адам қолға түсті


Пәкістанда полиция «Әл-Қаида» ұйымының көсемі Усама бен Ладеннің ізін кеспек болдым деп мәлімдеген Калифорнияның тұрғынын ұстағанын хабарлады.


Гари Фолькнер деген АҚШ азаматы Пәкістанның солтүстігіндегі Хитрал тоғайында ұсталды. Хабарға қарағанда, оның қолында тапанша, қанжар және қараңғы түнде көретін жабдық болыпты.


Пәкістан баспасөзінің жазуына қарағанда, Фолькнер Ауғанстанның Нұристан өлкесіне қарай бет түзеген көрінеді. Пәкістан полициясының мәліметі бойынша, ұсталған адамның АҚШ-тың қарулы күштерімен еш байланысы жоқ.
XS
SM
MD
LG