Accessibility links

Мексика шығанағында ағып жатқан мұнай көлемі ұлғаюда


АҚШ-тың сарапшылар комиссиясының жаңа есебі бойынша, Мексика шығанағында апатқа ұшыраған ВР платформасынан күн сайын 5,5 миллионнан 9,5 миллион литрға дейін (35 - 60 мың баррель) мұнай ағып жатыр.

Бұдан бұрын АҚШ жағалау күзеті қызметі, ұңғымадан күн сайын 35 мың баррель ағылып жатқандығын айтқан еді.

Апат салдарынан британдық ВР мұнай-газ компаниясының шығыны 1,6 миллиардқа жетті.

Компанияның Deepwater Horizon платформасы 22 сәуірде батып кеткен болатын. 1,5 шақырым тереңдікте орналасқан ұңғымадан аққан мұнайды тек 3 маусымда жартылай тоқтату мүмкін болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG