Accessibility links

Оралдық газет пен журналист 20 миллион теңге айыппұл төлейтін болды


Батыс Қазақстан облысының аппеляциялық алқасы Орал қаласының №2 сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Наурыз айында Орал қаласының №2 соты «Тенгизнефтестрой» акционерлік қоғамының «Уральская неделя» газеті мен осы басылымның журналисті Лұқпан Ахмедьяровқа қатысты шағым-арызын жартылай қанағаттандырған еді. Іскерлік беделіне нұқсан келді деген компанияға енді журналист пен газет редакциясы 20 миллион теңге төлеуі қажет.

Шағым-арызға 2009 жылы тамыздың 6-сы күні «Уральская неделя» басылымында жарық көрген Лұқпан Ахмедьяровтың «За ширмой тендера» атты мақаласы түрткі болған. Онда журналист компания тендерді ұтып алмастан бұрын болашақта газ құбыры салынатын жерде құрылыс жұмыстарын бастап кеткендігін сөз еткен. Жағдайды баяндай келе, журналист «Тенгизнефтестрой» тендерді жеңіп алатындығына сенімді болған деген тұжырым жасаған.

Аймақтағы танымал басылым соттың бұл шешімі газеттің жабылуына себеп болатынын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG