Accessibility links


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жаман емес. Жақсы ұйымдастырылған саясат. 2010 жылдың басты жаңалығы. Енді әрбір қазақтың (қазақстандықтың деп айтайын ба?) сөзі аңдулы, өзі алаңдаулы болады.

Қол қою, Демократияның түрөзгерісі

(«Нұрсұлтан Назарбаев заңды түрде Елбасы атанды» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Таяуда елбасы қол қоймайтын заңдарға кезек келеді дегеннен қорқамын

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Елбасы ертеңгі президенттерді бақылай ала ма?» деген форумға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жігіттер, қызық екенсіңдер. Мына жағымпаздардың заңсымағына несіне ауыз ауыртып отырсыңдар. Бұған мән бермеңдер, заң шығарып жатыр ма, б...н мыжып отыр ма – бір өздері білсін, пішту. Қашан қазақтан ақыл сұраушы еді. Сөз етіп, мән берген сайын дандайсиды емес пе. Оданша басқа мақалаларға пікір жазайық, әйтеу өзім кеттім...

Өлмеген құл, Ежелгі мекен

(«Нұрсұлтан Назарбаев заңды түрде Елбасы атанды» деген мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG