Accessibility links

БҰҰ Қырғызстандағы жағдай апатқа айналуы мүмкін деп ескертті


БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссарының айтуынша, егер халықаралық қауымдастық тез арада араласпаса, Қырғызстандағы дағдарыс жақында апатқа айналуы мүмкін. Бұл туралы Берлинге сапармен барған Антонио Гутеррес Германия радиосына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғызстанға көршілес елдер мен халықаралық қауымдастық елде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға көмектесулері тиіс.

Уақытша үкіметтің мәліметінше, маусымның 10-да басталған этникалық қақтығыстардан 180-ге жуық адам қаза болып, шамамен 2 мың адам жарақат алған. Ондаған мың адам босып кеткен.

АҚШ Орталық Азия бойынша жоғары лауазымды дипломатын жұма күні Қырғызстанға жібереді. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк қазір Өзбекстан астанасы Ташкентте жүр.
XS
SM
MD
LG