Accessibility links

Иран ядролық келіссөз жүргізу үшін жаңа шарт қоймақшы


Иран өзінің ядролық мәселесіне байланысты әлемнің алпауыт елдерімен келіссөз жүргізу үшін таяуда жаңа шарттарды жариялайды. Бұл туралы президент Махмуд Ахмадинежад мәлімдеді. Оның айтуынша, Теһран өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан енгізілген қосымша санкциялардан қорықпайды.

Осы аптада Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштон Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалилиді келіссөздерді қайта бастауға шақырған болатын.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG