Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Әйгілі елдердің салыстырмасы: Бір ел өндірісін қатты қолға алып «аты шығып» жатыр. Ал екінші ел «Мен мықтымын», «Мен күштімін» деп әр елге барып айқайлап, «аты шығып» жатыр.
P.S: Қазақстан мақта өндіруден көшбасшы едік, енді мақтау өндіруден «лидер» болдық.

Мен шығармын, Бір жер

(«Нұрсұлтан Назарбаев заңды түрде Елбасы атанды» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қанша рет қайталаймын: «Азаматтың астындағы тағымен талассаңдар да, басындағы бағымен таласпаңдар!» деп. Нұрекеңе қандай құрмет те жарасады! Тек еліміз аман болғай! Патшамыз аман жүргей!

Өсер, Қызылорда

(«Қазақстанда «Ұлт көшбасшысына» қарсы екеу алаңға шықты» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Уткин: «Парламент туралы» заңда егер президент 30 күннің ішінде құжатқа қол қоймаса және оны қайтарып бермесе, онда оған қол қойылды деп есептелетіндігі айтылады», – дейді заңгер.
Әй, Назарбаев-ай, жұмыс үстеліңдегі қағаздарды қарап отырмайсың ба? Қайтару керек еді оны қалдырмай, сонда ол заң күшіне енбес еді. Енді сенің қолыңсыз да заңдар күшіне ене беретін болды, жағымпаздардың күшімен.

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Нұрсұлтан Назарбаев заңды түрде Елбасы атанды» деген мақалаға жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG