Accessibility links

Сеулде АҚШ пен Оңтүстік Корея өкілдері кездесті


Оңтүстік Корея астанасы Сеулде елдің сыртқы істер министрі Юн Чон Хва АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Курт Кэмпбеллмен кездесті.

Ақпаратқа қарағанда, 46 оңтүстіккорей теңізшінің қазасына алып келген Сары теңіздегі оқиға кездесудің басты тақырыбы болған.
Сарапшылар комиссиясының қортындысын алға тартқан Сеул, "Чхонан" корветін Солтүстік Корея батырды деп айыптап отыр.
Пхеньян болса, бұл айыптарды мойындамайды.

Оңтүстік Корея өзінің солтүстіктегі көршісіне қатысты қатаң санкция енгізуді талап етіп отыр. Солтүстік Корея болса, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан айыпталатын болса, әскери шараларға баратындығын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG