Accessibility links

Иран Батысты терроризмді қолдайды деп айыптады


Ұлыбританияның Ирандағы елшісі Саймон Гэсс, Иранда дайындалып жатыр делінген террористік актілер туралы түсініктеме беру үшін Иранның сырты істер министрлігіне шақырту алды. Иран батыс әлемін "терроризмге көмектесіп отыр" деп айыптайды. Лондон оны жоққа шығарды.

Иранның барлау министрі Гейдар Мослехид "Швеция мен Франция террористік топтарға, оның ішінде "Моджахеддин хальк" тобына көмек көрсетіп отыр" деп айыптады. Швеция сыртқы істер министрлігі бұл айыптауларға қатысты тергеу жұмысын бастады.

Маусымның 15 күні Иран үкіметі, Теһранда бірнеше террористік акті жүгенделді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG