Accessibility links

Қырғызстан Ыстықкөлдегі Қазақстан пансионаттарын мемлекет меншігіне қайтармақ


Қырғызстан үкіметі Ыстықкөл жағасындағы Қазақстан пансионаттарын мемлекет меншігіне айналдырмақ. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында Уақытша үкімет басшысының орынбасары Азимбек Бекназаров мәлімдеді.

«Біз бүгін заңсыз жолмен иеленген меншікті мемлекетке қайтарып жатқан тұста, бұрынғы үкіметтің Қазақстанға берген төрт пансионатын неге қайтара алмаймыз? Қырғызстанның Уақытша үкіметінің алдында Ыстықкөлдегі қазақстандық төрт пансионатты мемлекетке меншігіне қайтару туралы мәселені көтеремін», - деді Бекназаров.

Ол сондай-ақ қазір Бакиевке тиесілі көптеген меншік мемлекет иелігіне өтіп жатқандығын айтты.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG