Accessibility links

ҰҚШҰ Қырғызстанға бітім күштерін жібермейтін болды


ҰҚШҰ Қырғызстанға бітім күштерін аттандырмайтын болды. Бұл турасында бүгін ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, бас хатшы ұйымның қырғыз еліне жаппай тәртіпсіздікті ауыздықтай алатын мамандарды жіберу жайы талқылап жатқанын айтқан.

Осы жағдайда бүгін Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алик Орозов Мәскеудегі мәміле барысында Қырғызстан оңтүстігінде арнайы операция өткізу мәселесі талқыланғандығын хабарлады. Ол да бас хатшының айтқандарын қуаттай отырып, Қырғызстанға Ресей, немесе Қазақстан тарапынан 6-9 шамалы тікұшақ берілетіндігінен хабардар етті.

Алик Орозов мәлімдегендей, Беларусь президентінен басқа ҰҚШҰ елдері басшылары ұйымға мүше елдер қауіпсіздік кеңесі хатшылары ұсынған Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру жоспарын мақұлдаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG