Accessibility links

Қазақ-өзбек шекарасында оқ атылып, екі адам жараланды


Маусымның 17-cі күні кешкі мезгілде Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Алпамыс батыр елдімекенінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінде оқ атылған. Бұл туралы ақпаратты Азаттық тілшісіне Қазақстан шекара қызметіндегілер растағанымен, әзірге оның мән-жайын айтпай отыр.

Бейресми ақпарат көзінен белгілі болғанындай, бейсенбі күні мемлекеттік шекара маңында Қазақстан шекара қызметінің сарбазы екі азаматқа қарсы оқ атқан. Екеудің бірі аяғынан, екіншісі қолынан жарақат алған. Зардап шеккен әкелі-балалы Қазақстан азаматтары сол күні Ақжол ауылындағы ауруханаға жеткізілген.

Оқ атуға не себеп болғаны туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG