Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бәрекелді! Әлгі ақтөбелік профессор көкемізден де асып түсті мына кісі. Батыс бастады, Оңтүстік қоштады, Орталық жүзеге асыруда, Оууу, Шығыс пен Солтүстік, үн қоссаңдаршы?! Ескерткіш аздық ететін шығар, бәлкім – теңгенің бетіне, мектеп оқушыларының кеудесіне қадайтын значоктарға да, бүкіл оқулықтардың мұқабасына орналастыру керек деген ұсыныс қана жетпей тұр-ау шамасы.

Оқырман, Астана

(«Шымкенттік қоғамдық қор Нұрсұлтан Назарбаевты хан көтеруді ұсынады» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Енді Елекең қошқардан басқа сенеріміз қалмаған ау, сірә! Ой, қойдан жуас қайран қазағым-ай.

Қошқарбай, Талдыктан

(«Еламан қошқар елді аралап, сыбайластардың сазайын бермекші» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қырғыздардікі дұрыс! Жатқан жыланның құйрығында несі бар еді Назарбаевтың? Алдымен бар шарасын жасап, қылмыскерді құтқарды (Бақиев) Бұл тірлігін Қырғызстанда азамат соғысын болдырмаудың жолы деп бақты (уәжінің түрін). Қане болмағаны – қаншама адам опат болып кетті. Е, осылайша шыға береді, «Ұлт көшбасшысы» болмақ түгілі, пайғамбарлыққа ұмтылса да!

Арыс, Шымкент

(«Рахат Әлиев Назарбаевтікі деп жазған санаторийлерді Қырғызстан даулап жатыр» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG