Accessibility links

АҚШ ресми өкілі Бішкекке баруға тиіс


Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйк ондаған мың босқынға қажетті қайырымдылық көмегінің көлемін анықтау үшін Қырғызстанға сапарлауы тиіс.


БҰҰ Босқындар істері бойынша комитетінің мәліметі бойынша, қырғыз-өзбек шекарасының екі жағында Ош және Жалалабад облыстарындағы қырғын мен ойраннан қашқан 400 мыңдай этникалық өзбек босқыны шоғырланып қалды.


Жаңа ресми мәліметке қарағанда, 2 облыстағы бейберекеттің салдарынан 191 адам құрбан болды.


Ресей президенті Дмитрий Медведев мәлімдегендей, қырғыз үкіметі Ресейден бітім күштерін шақырту туралы өтінішін кері қайтарып алды. Ұлтаралық қақтығыс шыққан елдің оңтүстігіндегі ахуалды ресми Бішкек өзінің қадағалай алатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG