Accessibility links

ВР бас директоры АҚШ Конгресінде есеп берді


АҚШ Конгресінде «Бритиш петролиум» компаниясының бас директоры Тони Хэуордтың қатысуымен Мексика шығанағына мұнай шикізатының төгілуіне байланысты тыңдау болып өтті.


Мұнай төгіле бастаған 2 айдай уақыттан бері ВР компаниясының басшысы алғаш рет конгресмендердің алдында сөз сөйлеп, Мексика шығанағындағы экологиялық апат үшін кешірім сұрады. Бірақ тыңдау барысында ол өзіне тағылған айыптарды теріске шығарып, "сараптама қорытындысын күту керек" деп, құтылуға тырысты.


АҚШ конгрессмендері Хэуорді мұнайдың төгілуіне байланысты жауап беруден жалтарды деп айыптады.


Әлемдегі ең ірі мұнай компаниясының басшысы мен АҚШ парламентарийлері арасындағы пікір алмасу 3 сағаттан ұзаққа созылды.
XS
SM
MD
LG