Accessibility links

БҰҰ: Ирақ босқындарының қатары үнемі өсіп келеді


БҰҰ Босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Антонио Гутьеррес хабарлағандай, Ирақтағы қантөгіс барған сайын көп адамды елден кетуге мәжбүрлеп отыр.

Гутьеррестің мәліметі бойынша, 2007 жылдан бері 50 мыңнан астам адам негізінен АҚШ-қа қоныс аударды.

Босқындардың басым көпшілігі – 2 миллионға жуық адам Сирия, Иордания, Ливан, Мысыр және Түркияға қоныстанды.

Антонио Гутьеррес бұл мәлімдемесін Сирияда жариялады. Ол Сирияға жексенбі күні атап өтілетін дүниежүзілік босқындар күні қарсаңында сапарлап отыр.
XS
SM
MD
LG