Accessibility links

Түркия 100-ден аса сепаратистің көзін жойды


Түркия үкіметі сепаратистік Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы бастаған соғыс операциясының барысында 100-ден астам жасақтың көзін жойғанын хабарлады.


Хабарға қарағанда, соғыс операциясы Түркия аумағында және Ирақ солтүстігінде де іске асырылды.


Түрік армиясының белсенді іс-қимылға көшуіне мамыр айының соңында күрд жасақтарының түрік әскерилеріне қарсы Ирақ шекарасына жақын ауданда сәтсіз шабуыл жасауы себеп болды.


Түрік үкіметінің хабарлауынша, күрдтерге қарсы соққының нәтижесінде осы аптаның ішінде 20 содырдың көзі жойылды.
XS
SM
MD
LG