Accessibility links

Токио Ауғанстан қазба байлықтарын игеруге әзір


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдің қазба байлықтарын игеріп, инвестия жұмсауға Жапонияның әзір екенін ықыласпен қабылдады.

Токиода ресми сапармен жүрген Х.Карзай бұл пікірін жұма күні жапон кәсіпкерлерімен кездесуі кезінде білдірді.


Жуырда АҚШ мемлекеттік департаменті Ауғанстанда темір, мыс, кобальт және алтын рудаларының қоры табылғанын хабарлаған болатын.


Күншығыс елі Ауғанстанның негізгі доноры болып табылады. Өткен жылдың қарашасында ресми Токио Кабулға 5 жылдың ішінде 5 миллиард доллар бөлу туралы шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG