Accessibility links

БҰҰ басшысы Қырғызстанға 71 млн доллар бөлуге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлем елдерін Қырғызстандағы гуманитарлық дағдарысты шешуге көмектесу үшін 71 миллион доллар бөлуге шақырды.

Оның айтуынша, Қырғызстанның оңтүстігіндегі қақтығыстардан кейін 300 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, шамамен 100 мың адам Өзбекстанға босып кеткен.

Сонымен қатар ондаған мың адам елден шығып кетуге тырысып жатыр деді Пан Ги мун. Ол Уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаевамен және Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен телефон арқылы сөйлесіп, Қырғызстандағы жағдайды талқылағанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG