Accessibility links

Ирақ полициясы 1 наразылық танытушыны өлтіріп, екеуін жаралады


Ирақ ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгін Басра қаласындағы полиция наразылық танытушыларды таратпақ болып, оқ атқан кезде бір адам қаза болып, екеуі жараланған. Елдің оңтүстігіндегі Басра қаласында мыңдаған адам жиналып, электр қуаты жөніндегі министр Карим Уахид пен тағы басқа ресми өкілдердің қызметінен кетуін талап етті. Бұған электр қуаты қызметіне қатысты енгізілген шектеулер себеп болды.

Шерулер зорлық-зомбылық әрекеттерімен ұласты. Наразылық танытушылар аймақтағы әкімшілік ғимараттарының терезелеріне тас лақтырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG