Accessibility links

Клинтон шілде айында Пәкістанға барады


Пәкістан үкіметінің мәлімдеуінше, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон шілде айында Пәкістанға барады. Сенбі күні АҚШ өкілі Ричард Холбрукпен өткізген баспасөз маслихатында Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Хиллари Клинтон Исламабадқа стратегиялық диалогтың екінші отырысына қатысу үшін келеді деп атап көрсетті.

Жұма күні Исламабадқа барған Холбрук Пәкістан жетекшілерімен бүлікші топтарға қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады.
XS
SM
MD
LG