Accessibility links

АҚШ Қырғызстанға 32 млн доллар бөледі


АҚШ-тың Орталық Азия бойынша өкілі Роберт Блейк сенбі күні Бішкекте қырғыз ресми өкілдерімен кездесті. Блейк Қырғызстанды босқындардың елге қайтуына жағдай жасауға шақырды. Уақытша үкіметтің жетекшісі Роза Отунбаевамен өткізген келіссөзінен кейін Блейк Вашингтон Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 32 миллион доллардан аса қаржы береді деп хабарлады.

Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қырғызстандағы этникалық қақтығыстарға биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің қатысы бар болуы мүмкін деп мәлімдеді. Жұма күні Клинтонмен телефон арқылы сөйлескен Өзбекстан президенті Ислам Каримов та толқуларға байланысты сыртқы элементтерді айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG