Accessibility links

Қырғыз үкіметі төтенше жағдай тәртібін ұзартты


Қырғызстан Уақытша үкіметі ел оңтүстігіндегі Ош қаласы мен оған жақын аймақтарға енгізілген төтенше жағдай тәртібін тағы 25-ші маусымға дейін ұзартты. Маусымның 11-де қырғыз бен этникалық өзбектер арасында орын алған қанды қақтығыстан кейін бұл өңірде жарияланған төтенше жағдай тәртібі жексенбі күні аяқталуы тиіс еді.

Осының алдында Ош қаласының әкімі Мелисбек Мырзахметов жергілікті уақытпен кешкі 6-ға дейін қаладағы барикадалар алынбаса, билік оны күшпен алып тастайды деп айтты.

Сенбі күні Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаевамен кездескен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Роберт Блэйк қырғыз жетекшілері қақтығысқа себеп болған мәселені анықтауға сөз беруі керек деді.
XS
SM
MD
LG