Accessibility links

Польша ұшақ апатына ұшыраған президентке мұрагер таңдауда


Бүгін польшалықтар кезектен тыс президент сайлауын өткізіп жатыр. Бұл дауыс берулер президент Лех Качиньскидің сәуірдің 10-ы күні Ресейдің Смоленск аймағында апатқа ұшыраған соң болып отыр.

Бұл сайлауда басты бәсекелестер президенттің міндетін атқарушы Бронислав Коморовски мен бұрынғы премьер-министр әрі қаза тапқан президенттің сыңары Ярослав Качиньски болып отыр. Тағы сегіз кандидат дауысқа түскен.

Президенттіктен үміткерлер кемінде 50 пайыз дауыс жинай алмаса, дауыс берудің келесі сатысы ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың арасында шілденің 4-де өтеді.
XS
SM
MD
LG