Accessibility links

20 маусым - әлемдегі босқындар күні


БҰҰ 2000 жылы 20-шы маусымды дүниежүзіндегі босқындар күні деп жариялаған. Бұл күнді атап өту өз еліндегі қудалаулардан қашып немесе қақтығыстардан бас сауғалап босып кеткен босқындарға назар аударуға шақырады.

БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, қазіргі таңда 15 миллион адам босқын ретінде өз үйлеріне орала алмай жүр. Осы жылдың дәстүрі бойынша босқындар күні баспана тақырыбымен өтеді. БҰҰ-ы барлық босқындардың өз үйлерін тауып немесе үшінші бір елге орнығуын қамтамасыз етуге шақырып отыр.

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутеррас Босқындар күнін Ирақтың бір миллионнан аса босқыны орналасқан Сирияда қарсы алып отыр.

Бұл күндері Қырғызстанның оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстан 400 мың өзбек көрші Өзбекстанға бас сауғалап кеткен еді, БҰҰ-ы оларға қайырымдылық көмегін жолдап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG