Accessibility links

Қытай: шахтадағы жарылыстан 46 кенші қаза тапты


Қытайдың Хэнань порвинциясының Пиндиншань қаласындағы көмір шахталарының бірінде болған жарылыстан кем дегенде 46 адам қаза тапты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған жарылыс кезінде жер астында 72 адам болған.

Құтқару жұмыстары кезінде 26 кеншіні алып шығу мүмкін болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа көмір өндіруде пайдаланылатын жарылғыштың детонациясы себеп болған.
XS
SM
MD
LG