Accessibility links

Алматы облысында нөсерлі жаңбыр автожол өткелін шайып кетті


Алматы облысында нөсерлі жаңбыр Іле өзені арқылы өтетін автожол өткелін шайып кетті.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, маусымның 21-і күні таңертеңгі сағат 10 шамасында Балқаш ауданы «Топар-Ақжар» автожолының 27-ші шақырымында, мол жауған жаңбыр мен Іле өзені деңгейінің көтерілуі салдарынан, диаметрі бір метр болатын жол өткелінің темір бетонды іргетасы шайылып кеткен.

Министрліктің баспасөз қызметі, төтенше оқиға орын алған аумаққа жақын орналасқан елді мекендерді су шаю қаупі жоқ екендігін ескертеді.

Көліктердің қозғалысы айналма жолдар арқылы ұйымдастырылды.
XS
SM
MD
LG