Accessibility links

Қырғызстан: қақтығыстан қаза болғандар саны 200-ден асты


Бүгін таңертең келіп түскен ақпарат бойынша Қырғызстан оңтүстігінде болған толқулар барысында 207 адам қаза болып, 2 мыңға жуық адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

"Азаттық" тілшісінің хабарлауынша кешегі күні Ош қаласының әкімшілігінің алдына өз туыстарын іздестірген 500-ден аса адам жиналған. Қала мэрі Мелис Мырзакматов, қалалық кенеш депутаттарын тұтқынға алынған адамдар болса, оларды босатуға қол ұшын беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG