Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ал менің түсінбегенім, сонда мына иттер Тоқтарды жұлмалап жатқанда жиналған жұрты, халқы неғып қарап тұрған, шыбықтарын қолына ұстап? Ау, ауылдың ақсақалы, азаматтары, жігіттері қайда??

Тоқтар осы ауылдың баласы емес пе, егер пожарниктер кафені жауып тастаса, онда үйлеріңе алып барып, бір шәй беруге жарамадыңдар ма біреуің? Полиция барып сендердің үйлеріңді жауып тастамайтын шығар?!

Соған ақылдарың жетпеді ме, әлде араларыңда ақсақал жоқ па?? Жоқ әлде түгел ез боп кеткенсіңдер ме? Бұл оқиғадан соң шалбарларыңды шешіп, юбка киіп жүргендерің дұрыс! "Халық, ел" деп ауыз кермей, бүгінде ол көпшілік тобырға айналғанын мойындауымыз керек, қанша ауыр болса да. Оны билік жақсы біледі – Заманбек пен Алтынбекті еш шіміркпестен өлтіріп тастағаны да сондықтан.

Қ-К емес, Жетісудан

(«Тоқтар Әубәкіровті өз атындағы көшеден қалай қуғандығы жөнінде бейнежазба» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

29 елді бағындырған Әмір Темір өзін хан атандырмады, Шыңғыстың рухын құрметтегеннен. Шыңғысханның бір тұқымын орнынан алып, имандысын оның орнына қойып отырған. Бұны Мәшһүр жазады. Жалаңтөс Бахадүр, Сұлтан Бейбарыс, Қыпшақ Салахаддин, Түрік Мехмет те ханмын демеген.

Жаңа президент келгенде екінші күні-ақ қамалатын адамды қалай хан сайлайық дейді? Ол неге қамалуға тиіс? Абзалы мына кісіні «Шаншарға» – Уәли-Ханға апарып, қамшымен ұрып отырып, 7 күн оқыту керек, дені саламат емес. Емі қонса, солардың еденін жуса да аштан өлмес. Дұрысы осы. Бітті.

Исатай, Қазақ Елі

(«Шымкенттік қоғамдық қор Нұрсұлтан Назарбаевты хан көтеруді ұсынады» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазақстанда тұрып жатқанымызға рахмет! Бүгін ауа райы жақсы болып тұр – Нұрсұлтанға рахмет!
(Серік қосу ма бұл немесе қазіргі саясат па?)

Алмас Камал

(«Тоқтар Әубәкіровті өз атындағы көшеден қалай қуғандығы жөнінде бейнежазба» деген мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG