Accessibility links

Иран халықаралық инспекторлардың елге кіруіне тыйым салды


Иран Теһранның ядролық бағдарламасы туралы халықаралық баяндама әзірлеген екі инспекторға елге кіруіне тыйым салды. Иран атом энергиясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салехидің мәлімдеуінше, бұл инспекторлар Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке "жалған" баяндама дайындаған көрінеді.

Мамыр айында әзірленген баяндамада Иран жоғары деңгейлі уранды байыту үшін қосымша жабдық дайындап жатыр және ядролық материалдарды жинауда делінген.

Маусымның 9-ында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қосымша санкциялар енгізген болатын. Батыс елдері Иранның астыртын ядролық қару жасауынан қауіптенеді. Теһран болса, осыған қатысты айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG