Accessibility links

Ауғанстанда 4 шетел сарбазы мерт болды


НАТО-ның мәлімдеуінше, Ауғанстанның оңтүстігіндегі тікұшақ апатынан 4 шетел сарбазы қаза болған. Альянс өкілдері құрбан болған сарбаздардың азаматтығы жөнінде мәлімет бермеді. Бірақ Аустралия әскери өкілдерінің айтуынша, дүйсенбі күнгі тікұшақ апатында қаза тапқандардың үшеуі Аустралия азаматы болған. Бұған қоса 7 аустралиялық сарбаз жарақат алды деп хабарланып отыр.

Аустралияның Ауғанстанда 1500-ге жуық жауынгері бар. Бұл елде қаза болған Аустралия күштерінің саны 16-ға жетіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG