Accessibility links

Оштың өзбек ауылындағы рейдте 2 адам қаза болды


Бүгін Оштың өзбек ауылында қырғыз қауіпсіздік күштерінің рейді барысында кемінде 2 адам қаза болып, 17 адам жараланды деп хабарлайды ресми өкілдер. Полиция баспасөз хатшысының айтуынша, рейдте сарбаздарға шабуыл жасалған соң бір адам атып өлтірілген, ал жарақат алған екінші адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Ошта бірнеше күнге жалғасқан этникалық қақтығыстарда кемінде 208 адам қаза тауып, 400 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, олардың 100 мыңы Өзбекстанға босып кеткен еді.

Азаттық радиосының тілшісі Брюс Панниер Нариман ауылына барып, бір адамның мәйітін көргенін хабарлады.

"Біз жараланған бірнеше адамды көрдік, олар соққыға жығылған екен. Бір бөлмеге кірген кезімде жерде шамамен 50 жастағы адамның мәйітін көрдім. Куәгерлердің айтуынша, оны сарбаздар ұрып соғып өлтірген", дейді Панниер.

Жергілікті ресми өкілдердің айтуынша, сарбаздар аталмыш ауылға құжаттарды тексеру үшін және қару-жарақтарды іздестіру мақсатында барған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG