Accessibility links

Сот Жаңажолдағы жұмысшылардың ереуілін заңсыз деп тапты


Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық соты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының шағымын қанағаттандырып, компания жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп тапты.

Маусымның 16-ы күні Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенішінде мұнайшылар ереуіл өткізген болатын. Сол күннің ертесінде, ереуілшілерге қолдау ретінде, осы компания игеріп жатқан Кеңқияқ кенішіндегі мұнайшылар да жұмысқа шықпады. Қос кеніш жұмысшылары еңбекақыны көбейтіп, кейбір жетекшілерді жұмыстан босатуды талап етті.

Алайда қытайлық инвесторлар еңбекақы мөлшерін ереуілшілер талап еткендей 200 мың теңгеге (шамамен 1400 АҚШ доллары) көбейтуге «мүмкіндік те, басы артық ақша да жоқ» екендігін мәлімдеген. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы әкімшілігі жұмысшыларды тәртіпсіздік ұйымдастырды деп кінәлап, сотқа берген еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG