Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Құлыбаев президент болды дегенше ақырзаман болды дегейсің деп айтқан екен баяғында бір Асан қайғы секілді данышпан қайғы.
Асан қайғы қандай бақытты. Қазіргі қазақтардың халін көрмей кеткені үшін бақытты деймін. Қазіргі қазақтарды көрсе, қазақ болғанына өкінер еді ғой.

Аbai

(«Өзбекстанда келесі президент – Мирзияев, ал Қазақстанда Құлыбаев болады деп болжанып отыр» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Осы бізде қызық аз ба өзі? «Кет» деп айтқан соң кету керек қой... Кететін адам дұрыс болса, халықтың өзі-ақ Ермектің дода-додасын шығарар еді.... Значит ол адам дұрыс емес, оңбаған адам болғаны да сотқа сүйреуіне қарағанда?..

Арыс, Шымкент

(«Назарбаевтың қызметтен кетуін талап еткен Нарымбаевқа қарсы сот басталды» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазақ деген халық жоқ болғанын мойындау керек. Басқаларға мазақ болғанша жер бетінде атымыздың болмағаны дұрыс. Егер аталарымыз о дүниеден қайта келсе, шетімізден қамшымен сабар еді. Мүмкін осындай ез болғанымызға олар да кінәлі шығар. Не дейміз? Амалым қанша, амалым.

Қорқақ қазақ

(«Тоқтар Әубәкіровті өз атындағы көшеден қалай қуғандығы жөніндегі бейнежазба» деген мақалаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG