Accessibility links

Кинтал Исламов үйқамаққа алынды. Тергеу жүріп жатыр


«Астана-Финанс» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Кинтал Исламов үйқамақта алынды.

Бұл турасында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында қуатталып отыр.

Хабарға қарағанда, «Астана-Финанс» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Кинтал Исламов пен «Астана-Финанс банкінің» бұрынғы басқарма төрағасы Артур Ахметовке сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салып, рәсуа қылып, қылмыс жасады деген айып тағылған.

Астана қаласы Есіл аудандық соты ұйғарымымен маусымның 18-інде аталған тұлғаларды үйқамақта ұстау шарасы қолға алынған.
Қазір тергеу жүргізілуде.

Бүгінге дейін Исламовтың қамалғаны жайында алыпқашпа ақпар тараған болатын.
XS
SM
MD
LG